Меню KDT

Новости

"Отбасы" сайысы

Бұл сайысқа 5-6 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға отбасы жайында барынша көп мәлімет беру, оқушылар өздері бақытты жанұяның моделін жасау керек еді.  Жалпы сайыс 6 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең-Таныстыру. Әр топ өзінің атауларын және дивиздерін таныстырулары керек еді. Екінші кезең-«Мақал-сөз атасы» деп аталды. Бұл жерде мен әр топқа сұрақтар қойдым. Оқушылар сол сұрақтарға мақалмен жауап берулері қажет болды. Үшінші кезең-«Сен білесің бе?» болды. Оқушыларға өздері қткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды. Олар сол сұрақтарға жауап берді. Төртінші кезең-«Кім жылдам?». Бұл жерде оқушылар өздерінің отбасы ағаштарың дайындауға тапсырма берілді. Бесінші кезең-«Пантамимо» деп аталды. Әр топтан кезек-кезек оқушылар шығып, қағаздағы сөздерді ыммен түсіндірулері қажет болды. Және соңғы кезең-«Жақсылықтан жақсылыққа» болды. Әділ-қазылар алқасы ұпайларың санағанша, балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Осылайша сайыс әр түрлі тапсырмалардан құралып, оқушылар өздерінің шапшаңдықтарын, білімдерін көрсете білді деп ойлаймын.



Просмотров: 553

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Директор блогы

ҚР Президентінің жолдауы

Опрос

Статистика

  • Осы айда16
  • Осы аптада7
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки